Келбетің бар ұнайтындай ханзадаға
Тәтті қызсың тәуелді емес жарнамаға
Қаңтардағы қаршығадай әп-әдемі
Сұлуымды шақырайын ламбадаға
Сендей жанды жүрек қалай сағынбайды
Сағынсада қалым басы бағынбайды
Мен жер жүзін шарласамда дәл өзіңдей
Ламбаданы билейтін қыз табылмайды
Биле, биле, биле, биле тағы тамсандырып
Тебіреттің жүрегімді ән салдырып
Төзіміңнен айналайын адал жүрек
Сен мен үшін билеуші едің шаршап жүріп
Көздеріңнен шаттық нұры шашылды тек
Өзге гүлден артық көрдім асыл жібек
Ламбадамен көз жаулаған сендей жанды
Қызғанбастан тұра алмайды ғашық жүрек
Бағаладың көңілімнің арман әнін
Саған әнім биің үшін арналады
Мендік болам десең егер бір шартым бар
Сен менімен билейсің тек ламбаданы
Биле, биле, биле, биле тағы тамсандырып
Тебіреттің жүрегімді ән салдырып
Төзіміңнен айналайын адал жүрек
Сен мен үшін билеуші едің шаршап жүріп
Биле, биле, биле, биле тағы тамсандырып
Тебіреттің жүрегімді ән салдырып
Төзіміңнен айналайын адал жүрек
Сен мен үшін билеуші едің шаршап жүріп