Айым-ау аяулы,
Жанарың арайлы,
Алтыным жаныңнан,
Жылы нұр тарайды.
Жұлдыздар жүзіңе қызыға қарайды,
Ал менің жүрегім,
Ал менің жүрегім
Тек сені қалайды!
Мен өзіңсіз тыншымадым,
Жалғыз жағып сенсіз түн шырағың.
Балдай тәттім,
Күн шуағым,
Қол жетпейтін биік гүл шынарым
Балдай тәттім,
Күн шуағым,
Қол жетпейтін биік гүл шынарым
Айым-ау аяулы,
Жанарың арайлы,
Алтыным жаныңнан,
Жылы нұр тарайды.
Жұлдыздар жүзіңе қызыға қарайды,
Ал менің жүрегім,
Алменің жүрегім
Тек сені қалайды!
Көгершінім,
Күнім өзің,
Сұлу еді неткен мөлдір көзің,
Өртеп сезім,
Кетіп төзім,
Баурап алды мені сыңғыр сөзің.
Өртеп сезім,
Кетіп төзім,
Баурап алды мені сыңғыр сөзің.
Айым-ау аяулы,
Жанарың арайлы,
Алтыным жаныңнан,
Жылы нұр тарайды.
Жұлдыздар жүзіңе қызыға қарайды,
Ал менің жүрегім,
Ал менің жүрегім
Тек сені қалайды!
Түн күледі
Сен жымисан.
Таң нұрланар жайнап,
Сен қиылсан.
Бүрме көйлек,
Билеп кетер,
Назың менен нәзік
Сен бұрылсан
Бүрме көйлек,
Билеп кетер,
Назың менен нәзік
Сен бұрылсан.
Айым-ау аяулы,
Жанарың арайлы,
Алтыным жаныңнан,
Жылы нұр тарайды.
Жұлдыздар жүзіңе қызыға қарайды,
Ал менің жүрегім,
Ал менің жүрегім
Тек сені қалайды!