Қонбаған әппақ құсым бағыма
Ояндым өзіңді іздеп тағыда
Күн болып көктегі нұр жаныма
Ай болып жүрмін сені сағына
Жүрмін сені сағына
қайырмасы:
Мақпал түндер наздаған сезімнің
Жүрекке жалын берді
Аңсап сені жаңбырдай езілемін
Сағындым жаным сені
Сылдырлап жел ұрлайды сырыңды
Ақ бұлтқа үн қатады мұңымды
Өткіздім ар намыс пен көңілімді
Айтшы сен сағындын ба жүрегім
Айтшы жаным шынынды
қайырмасы:
Мақпал түндер наздаған сезімнің
Жүрекке жалын берді
Аңсап сені жаңбырдай езілемін
Сағындым жаным сені