Сәкен Майғазиев
Текст

Кешір

Сәкен Майғазиев

Оцените песню: Голос вверх 7 Голос вниз

100%
0%
Жауапсыз сұрақтың да
Шешімі жылап тұр ма
Адасқан арнасынан
Мен де бір бұлақпын ба
 
Сүйе алмағаным үшін,
Қиялдағаным үшін, кешір
Жылытпағаным үшін
Ұмытпағаным үшін, кешір!
 
Бекерге ұнаттым ба
Айналдым мұрат мұңға
Аяусыз арманыңды
Мен құздан құлаттым ба
 
Сүйіп өткенім үшін
Күйіп өткенің үшін, кешір!
Алыстағаным үшін,
Табыспағаным үшін, кешір! 
 
Себепсіз кінә арттым ба
Сүйдің бе құмарттың ба
Төгілген көздің жасы
Жоғалар құлап құмға
 
Сүйіп, сенгенім үшін,
Үміттенгенім үшін кешір,
Сыр ақтарғаным үшін
Жылап қалғаның үшін кешір
 
Сүйіп өткенім үшін
Күйіп өткенің үшін, кешір!
Алыстағаным үшін,
Табыспағаным үшін, кешір! -