Сары алтын сәуледей жалт еткен жалыңды күндер
Қиялмен арманға шомылған беймаза түндер
Қол жетпес сағымдай жанымнан жырақтай бердің
Қайырылып келмейтін өткенді сағынбас кімдер
Қайырмасы:
Алыстап барасың жастық
Біліңбей қырлардан асып
Алдағы белгісіз күннің
Тағы бір есігін ашып
Қол бұлғап қалсаңда жастық
Сыйладың ұмытпас шаттық
Алаңсыз алтын күндерді
Тек сенің саяңнан таптым
Еліктей еркемді ерітіп алып аяулы кеште
Сырласқан шақтарды сағынып аламын еске
Отыңа сезімнің өртенген оралмас дәурен
Көзімнен ұшсаңда тек қана көңілден өшпе