Жауап бермей қалдырдың ба
Жазған хатымды
Түсінбедің неге мөлдір
Махаббатымды
Білмедің бе азабымды
Жүрегіме жазарымды
Мәңгі сенің атыңды
Жамалыңды көрсем болды
Жаным маған сенсең болды
Жүрегімнің сырын айтып
Ұсынайын саған қолымды
Сен жадырап күлсең болды
Бақытты өмір сүрсең болды
Мынау жалған дүниеде
Күткен бар деп білсең болды
Сағыныштан сезіміме
Тәтті бал тұнды
Ынтызар қып іңкәр еткен
Таптым алтынды
Бірге өткізіп уақыт күнін
Қатар кешсек бақыттымын
Өзіңменен әр күнді
Жамалыңды көрсем болды
Жаным маған сенсең болды
Жүрегімнің сырын айтып
Ұсынайын саған қолымды
Сен жадырап күлсең болды
Бақытты өмір сүрсең болды
Мынау жалған дүниеде
Күткен бар деп білсең болды