Ат қайда ақбақайдай шаппай желген
Қыз қайда құдашадай көзі күлген, ахахау арман ай,
Алыстан ат арытып келгенімде
Шақыртпай еш адамға өзі келген
Ахау, ау, сәулем-ай,
Өзі келген-ай
Аха-ха-хау арман-ай
Мыс та алтын, жез де алтын, алтын да алтын,
Адамда сөз болмайды айтылмайтын, ахау арман ай,
Сыртынан жүзін көріп қызыққанмен,
Табылмас нағыз алтын жарқылдайтын.
Ахоу, ау, сәулем-ай,
Жарқылдайтын-ай
Аха-ха-хау арман-ай