Жалғаныңнан жалыққанда дос керек,
Сағыныштан тарыққанда дос керек.
Арман алыс, үміт ұзап жеткізбей,
Жалғыз қалып, қамыққанда дос керек.
Кіші-үлкенмен келісуге дос керек,
Мауқың басып көрісуге дос керек.
Тірлігіңде қызық көріп, той тойлап,
Қуанышты бөлісуге дос керек.
Дән риза менің нәзік гүл жаным,
Таттық біз дәмін ғұмыр мырза күн.
Бұл дүниеде саған досым-ау,
Саған досым-ау, саған досым ризамын.
Дұшпаныңмен егесуге дос керек,
Ақылдасып, кеңесуге дос керек.
Қадіріңді білмейтұғын тірлікте,
Ағайныңмен теңесуге дос керек.
Бұл дүниенің жалғанында дос керек,
Қанатыңның талғанында дос керек.
Қуанатын жүрегімен сен үшін,
Жұлдызыңның жанғанында дос керек,
Дән риза менің нәзік гүл жаным,
Таттық біз дәмін ғұмыр мырза күн.
Бұл дүниеде саған досым-ау,
Саған досым-ау, саған досым ризамын.
Зәбір көріп, айырылғанда дос керек,
Табаныңнан тайдырғанда дос керек.
Қорлық көріп қаумалаған көп иттен,
Көкжалдайын қайғырғанда дос керек.
Жапырақты жаярыңда дос керек,
Өміріңнің баянында дос керек.
Бақұлдасып қалу үшін армансыз,
Ғұмырыңның аяғында дос керек.
Дән риза менің нәзік гүл жаным,
Таттық біз дәмін ғұмыр мырза күн.
Бұл дүниеде саған досым-ау,
Саған досым-ау, саған досым ризамын.
Дән риза менің нәзік гүл жаным,
Таттық біз дәмін ғұмыр мырза күн.
Бұл дүниеде саған досым-ау,
Саған досым-ау, саған досым ризамын.