Сағидолла Қойлыбаев
Текст

Тұщықұдық

Сағидолла Қойлыбаев

Оцените песню: Голос вверх 2 Голос вниз

100%
0%
 
Жалаулатқан жастықтың от жалынын
Тұщы құдық менің туған ауылым
Көргің келсе мырзалықпен мəрттікті
Қонақтап қайт біздің жаққа бауырым
Болсаңдағы қанша уақыт неше күн
Мейманды тосып жайып салар төсегін
Əбдір менен шөліңді бір қандырып
Ұғынарсың ауыл ана екенін
Қайырмасы:
Туған ауыл сен деп келем
Көңілім əсем əуен
Өрнектелген туған жер ата қоныс
Тұщықұдық өзіңе бұл өлкеде
Жер жетпеген.
 
Көш бастаған көсемдей ел басында
Бесін болған талай тарлан асылға
Жыр дүлділі Сəттіғұлдың ауылы
Аңызың мен абызыңда осында
Кел бауырым күзде мейлі көктем кел
Сағымға орап сағынтады көк белдер
Алла жолын ақиқат деп таныған
Қасиетті Айдар ишаң өтен жер.
 
Арулар бар ар ұятын сақтаған
Жігіттер бар ердің құнын құятын
Қариялар қаратаудай еңселі
Құшағына төрткүл дүние сыйатын.
Қайырмасы:

Другие песни от Сағидолла Қойлыбаев