Руслан Мамытов
Текст

Қазағыммен мақтанам

Руслан Мамытов

Оцените песню: Голос вверх 11 Голос вниз

100%
0%
Тіл мен дінін сақтаган
Бабамызбен мақтанам
Ат тұяғы таптаған
Даламызбен мақтанам
Тарихтан сыр сақтаған
Қаламызбен мақтанам
Сөзінен қан тоқтаған
Данамызбен мақтанам
Сөзінен қан тоқтаған
Данамызбен мақтанам
 
Адал бесік аттаған
Анамызбен мақтанам
Ана сүтін ақтаған
Баламызбен мақтанам
Жеті атасын жаттаған
Санамызбен мақтанам
Осылай асқақтаған
Бағамызбен мақтанам
 
Тіліміздің нақталғай
Тұғырымен мақтанам
Дініміздің ақ таңдай
Тұнығымен мақтанам
Қызымыздың мақпалдай
Бұрымымен мақтанам
Ұлымыздың ақ қардай
Ұлығымен мақтанам
Ұлымыздың ақ қардай
Ұлығымен мақтанам
 
Періштедей халқымның
Пейілімен мақтанам
Ақ тілеулі қартымның
Мейірімен мақтанам
Өнегелі салтымның
Түйінімен мақтанам
Алты алашқа даңқымның
Биігімен мақтанам
Алты алашқа даңқымның
Биігімен мақтанам
 
Бойымызда ҚАЗАҚ қан
Аққанымен мақтанам
Көгімізде азаттық
Атқанына мақтанам
Шүкір еттім Жаратқан
Жасқаныңа шаттанам
Халқымызды тозақтан
Өзің болғай сақтаған
Халқымызды тозақтан
Өзің болғай сақтаған
Қазағыммен мақтанам
Қазағыммен мақтанам
Қазағыммен мақтанам
Қазағыммен мақтанааааааааааааааааааам
Эйййййййййй