Руслан Мамытов
Текст

Досыма

Руслан Мамытов

Оцените песню: Голос вверх 5 Голос вниз

100%
0%
Бірге өскен егіз көңілмен
Қайда жүрсем сені іздедім мен
Ізгі ниет лебіздеріңмен
Теңізден де тұнықсың досым
 
Достығыңа сендіре білген
Жүрегіңе елжіредім мен
Әрқашанда өр мінезіңмен
Таулардан да биіксің досым
 
Досым, досым
Адал досым
Досым, досым
Аман болсын
 
Бір мен үшін қадірлі досым
Серті бірге сабырлы досым
Алла берсін бағыңды досым
Асулардан асып мерейің
 
Тарылмасын өрісің досым
Таусылмасын жеңісің досым
Жан сырласым сен үшін досым
Ән жырымды тасып төгейін
 
Досым, досым
Адал досым
Досым, досым
Аман болсын
 
Досым, досым
Адал досым
Досым, досым
Аман болсын