Руслан Мамытов
Текст

Біз қазақпыз

Руслан Мамытов

Оцените песню: Голос вверх 3 Голос вниз

100%
0%
Біз қазақпыз
Жерұйықта жайлаған
Сол далада мың бір пұт мал айдаған
Біз қазақпыз
Ат үстінде ойнаған
Айтыс терме күймен тойын тойлаған
 
қайырмасы:
Қабақ шытса жауы шайқалған
Қонақ күтсе жаны жайнаған
Уәдесінен таймаған
Сырын жатқа жаймаған
Біз қазақпыз бастан бағы таймаған
 
Біз қазақпыз
жауға қылыш сермеген
батыр елміз ешбір дұшпан жеңбеген
Біз қазақпыз
Ешкім сөзін бөлмеген
Ақыл елміз жалған сөйлеп көрмеген
Ақ батамен ғана өрлеген
Ақ қымызға ғана шөлдеген
Елің дауға бермеген
Жерін жауға бермеген
Біз қазақпыз
Біздей болсың ел деген
 
қайырмасы:
Қабақ шытса жауы шайнаған
Қонақ күтсе жаны жайнаған
Уәдесінен таймаған
Сырын жатқа жаймаған
Біз қазақпыз бастан бағы таймаған
Ақ батамен ғана өрлеген
Ақ қымызға ғана шөлдеген
Елің дауға бермеген
Жерін жауға бермеген
Біз қазақпыз
Біздей болсың ел деген