Жаным, ардағым,
Алып арманым.
Сезімімді сен неге қабыл алмадың?
Өмір өтер, менің де табылар бағым,
Қалауымен болады бәрі де АЛЛАНЫҢ!!!
Жаным, жарқыным,
Сабырлы алтыным.
Мен өзіңсіз өмірде жарым-жартымын.
Сенсіз сыздап таппайды қабырғам тыным,
Көрмейсіңбе Жаныңның сағынған түрін!
Жаным, жыр-әнім,
Лағыл-бұлағым,
'Бақытым' деп мен сені бағым қыламын,
Өткен күннің қу жүрек сағынды бәрін.
Өзің келіп жұбатшы жанымды Жаным!