Руфат Маратұлы
Текст

Көшеде

Руфат Маратұлы

Оцените песню: Голос вверх 128 Голос вниз 2

98%
2%
Бір түрлі оралып ойым өлең
Келемін көшенің бойыменен
Күнім де көгімнен береді ләззат
 
Кафенің алдында шуласып бір
Орысша мекен-жай сұрасып тұр
Бір ұйғыр, бір өзбек, түрік пен қазақ
 
Жолыңнан көлденең көлік есіп
Шопырлар өз-ара ерегесіп
Кешірім сұрасар қабағы түнері базақ
Не деген ғажап, не деген ғажап
 
Инстаграм - байлық жайында
Фейсбук - айлық жайында
Ал менде уақыт жоқ ондай
Жасанды қайғы уайымға
 
Инстаграм - байлық жайында
Фейсбук - айлық жайында
Ал менде уақыт жоқ ондай
Жасанды қайғы уайымға
 
Кетті деп бір жұлдыз ажырасып
Студенттер тұр әне жамырасып
Осы бір жаңалық мазасын қозып
 
Гүл ал деп, гүл ал деп бір анамыз
Ширеніп барады-ай бір ағамыз
Мерседес ішінеп қызға көз сүзіп
 
Бұйырып бәріне жасатқандай
Патруль бір жерге асыққандай
Зулап өтті де еріксіз ойыңды үзіп
Ол да бір қызық, ол да бір қызық
 
Инстаграм - байлық жайында
Фейсбук - айлық жайында
Ал менде уақыт жоқ ондай
Жасанды қайғы уайымға
 
Инстаграм - байлық жайында
Фейсбук - айлық жайында
Ал менде уақыт жоқ ондай
Жасанды қайғы уайымға
 
Инстаграм - байлық жайында
Фейсбук - айлық жайында
Ал менде уақыт жоқ ондай
Жасанды қайғы уайымға