Роза Рымбаева
Текст

Атамекен

Роза Рымбаева

Оцените песню: Голос вверх 414 Голос вниз 37

92%
8%
Кең далам!
Толған айым, толғайын.
Домбырам,
Қолға алайын, жырлайын.
Қазағымның даласындай!
Көзімнің қарасындай,
Айналдым сені-ай, Атамекен-ай!
 
Теңіздей!
Тебірендім, тербедің,
Сапарда!
Сағынышым сен менің,
Дүние-ай сырларындай,
Мөлдіреп тұнғанындай,
Сағындым сені-ай, Атамекен-ай!
 
Қайырмасы:
Армандаған күндер-ай!
Жұлдыз аққан түндер-ай!
Өзің куә өмірде,
Кімдер өтті,
Кімдер-ай!
Атамекен-ай!
 
Ғажап-ау!
Атамекен ғаламат,
Бір саған!
Тағдырымыз аманат,
Қымбатты – даламыздай,
Сымбатты – анамыздай,
Айналдым сені-ай, Атамекен-ай!
Жүрегім жанымыздай,
Айналдым сені-ай, Атамекен-ай!
 
Қайырмасы:
Армандаған күндер-ай!
Жұлдыз аққан түндер-ай!
Өзің куә өмірде,
Кімдер өтті,
Кімдер-ай!
Атамекен-ай!