Гүлзарда қалды саған арналған гүл шоғы
Кездесулермен жүздесулердің бұл соңы
Кетемін десең жолыңды бөгеп тұрғам жоқ
Кетсең де мені ұмыта алмайсың біл соны
Қайырмасы:
Көшеде жүрсең афишалардан қарсы алам
Көлікке мінсең радиодан да ән салам
Үйіңе кірсең теледидардан жар салам
Бәрібір тыным бермей қоямын мен саған
Есіңе салар жапырақтардың сыбдыры
Жапырақ түгіл әлемнің алты құрлығы
Өкінішіңнің отына күйіп өртеніп
Кешірім сұрап келіп тұрарсың бір күні