Ринат Заитов
Текст

Ұлыма аманат

Ринат Заитов

Оцените песню: Голос вверх 21 Голос вниз

100%
0%
Ал, балам, білгеніңнен білмесің көп, өмірде ағат кетсең кім кешірмек?
Азырақ ақыл айтар әкең саған абайсыз отты басып жүрмесін деп
Қатайып қол-аяғың шыңға шықсаң, болады тілекшіңнен күндесің көп
Жалғанда жүрегің мен көзіңе сен, жарытпас құлағың мен тіл досың боп
Жол біреу болған менен бұрылыс көп, пендеге бір қалыпты күн кешу жоқ
 
Көрінер бәрі жақсы алғашында, гүлдің де тікені өсер дәл қасында
Қолыңда ақшаң менен мәнсап болса-ай, көбейер жолдасың да, туысың да
Баянсыз мына дәурен екі келмес, алатын биігіңді ал жасыңда
Жандының бәрі де тең жаратылған, бірдей көр аққуын да қарғасындай
Жаныңда кім қаларын Құдай білер, бір күні жалғыз қалсаң жар басындай
 
Құнықпа байлық пенен сарайларға, ол опа бере алмаған талайларға
Басыңды қадірлеуге жарамаса, телмірме теңгесі көп ағайларға
Дүниеден алтын тақты хандар да өткен, келмеске сенен де зор жандар кеткен
Шыншыл бол, шынайы бол, суайт болма, түбіне көп мықтының жалған жеткен
Өмірді өкінішсіз сүргің келсе, қаймығып қайтпағайсың алған беттен
 
Құмартпа құр мақтауға, марқайғанға, мақтауға бұл фәниде жан тойған ба?
Құдайға пенделердің бәрі бердей, еңкейгенге - еңкей, шалқай шалқайғанға
Жат түгілі жақының да жоламайды, басыңнан бақ, бойыңнан әл тайғанда
Дұшпаның сақ-сақ күліп табалайды, қорада мал, қолда құат ортайғанда
Туыс пен туғанға да құнсыз болып, қаласың қу ағаштай қартайғанда
 
Босата көрмегейсің тақымыңды, қазақта азаматтың аты құнды
Ер емес ез болғаның шаңырағыңа-ай, қожайын қылып қойсаң қатыныңды
Қолыңнан келсе жәрдем бер бәріне, итерме кеудесінен жақыныңды
Нан үшін намысыңды саудалама, біліммен суғарып тұр ақылыңды
Ұлтыңа қызмет қыл, құлқыңа емес, бақидан алғаныңша шақыруды
 
Сарала әр ісіңді санаң менен, адалды шатастырма арам менен
Алланың ризалығын алам десең әкеңді қадірлерсің анаң менен
Бергенін ел алдынба бұлдап айтар, ешқашан жолдас болма жаман менен
Жаласын сәл қиналса саған жабар, сапарлас болмағайсың сараң менен
Абыройың адасармас жақсы деріп, адамша аралассаң адам менен
 
Шыдамды болса шын ба қона төрге, ойыңды көп ішінде шола көрме
Үстіме шапан жауып, ат берер деп, үйіне опасыздың бара-қона көрме
Айласы көп адамнан аулақтау жүр, пайдасы жоқ жиынға бара берме
Ұят пен шындығыңды жоғалтпасаң, мені де қаратпайсың қара жерге
Мен саған нашар әке болсам дағы, сен маған жаман бала бола көрме
 
Мен саған нашар әке болсам дағы, сен маған жаман бала бола көрме

Другие песни от Ринат Заитов