Махаббат деген сағыныш үзіліп түскен жанардан,
Басыңа бақыт қондырса дұрыс жүрегіңдегі ақ арман
Махаббат деген тәтті мұң таусылмайтын шаттығың
Сабағы нәзік жел тербеген ақ гүлім
Қайырмасы
Сезімнің жағып алауын құрметпен оған қарауын,
Махаббат деген,махаббат деген жүрегіңмен жан қалауың

Махаббат деген,махаббат деген кеудемдегі жаным
Махаббат деген жанның құмары,жаныма келсең маған кел
Шөліңді басар таудың бұлағы,тынысыңды ашар самал жел
Махаббат талай ескірді,бірге кешпей бес күнді
Сүйе алмаймын мен сенен басқа ешкімді