Райымбек Нысанбек
Текст

Ер жеттім әке

Райымбек Нысанбек

Оцените песню: Голос вверх 101 Голос вниз 4

96%
4%
Ойланып кеттім ағарған шашын көрдім де,
Балалықпенен байқамаппын-ау мен мүлде…
Өмірге сонда жастығын ұрлап жүзінің,
Қап-қара шашын ағарту үшін келдім бе?
 
Ер жеттім, Әке, сенімің енді ақталар,
Боламын балаң әркімге ертең мақтанар.
Бүгінгі уайым, бүгінгі қайғың болған ұл,
Бір күні сенің басына қонган бақ болар!
 
Қиналар іштей өзімен өзі күрсініп,
Қажытты білем үйдегі бітпес тіршілік.
Мен жаққа кейде үмітпен қарап қояды,
Өскенде жеміс жегізер ме деп бұл шыбық.
 
Өмірде мынау өзіңсің жалғыз тірегім,
Шытсаң да қабақ көңілің жылы білемін.
Бақытты жанмын, себебі, сендей әкем бар,
Сен болсаң әке – әкесіз өскен ұл едің…
 
Түсінем бәрін асқартау болу оңайма
Мұң кешіп талай шомылдың үнсіз жиі ойға
Ақылың айна бойымды түзеп тұратын
Қайтемін Әке шам басып қалса сол айна
 
Ер жеттім, Әке, сенімің енді ақталар,
Боламын балаң әркімге ертең мақтанар.
Бүгінгі уайым, бүгінгі қайғың болған ұл,
Бір күні сенің басына қонган бақ болар!