Таң ата көрдім түсімде,
Бір ару жібек үстінде.
Елітіп мені еріксіз
Түстім мен еріп ізіне.
Ұйқымды ұрлап ағаны,
Жанымды баурап барады.
Хор қызы тәтті секілді
Жүрегім үнсіз жаралы
Бақытты сол бір күндер-ай,
Түсіме енген түндер-ай!
Кезікші менің өңімде
Өзіңді күтіп жүрмін-ай
Кетпеші жаным жоғалып,
Боларсың бағым сол анық.
Түсімде жүрген аруым
Өңіме келші оралып
Арманым менің аяулы,
Салмашы жанға қаяуды.
Қайтадан көргім келеді
Түсімді сол бір баяғы.
Жолықтым тағы өзіңмен,
Бақытты көрдім көзіңнен.
Оятпа! Мені адамдар,
Ұйқтаймын тәтті сезіммен.
*(Оятпа!* *Мені адамдар,*
*Ұйқтаймын тәтті сезіммен)*