Көздерің секілді ғаламшар,
Ұшырып әкетеді қиялға, егер қарасам.
Көтерілген сайын барады тынысым тарылады,
Ауа жоқ, ауа бер, әлі бар үміт.
Қоса алмай қолды,
Аша алмай жолды сенімен бірге.
Кетіп барамын жылдармен,
Айлармен, күндермен мен де бірге төменге.
Батып барам, батып барам, батып барам,
Көздерің - ғаламшар, алқасын таласып, көзіме қара.
(Батып барам, батып барам, батып барам...
Көздерің - ғаламшар, алқасын таласып, көзіме қара...)
Қиялдарға, айтшы, жаным, неге батырдың, батырдың,
Қыпша беліңді құшақтап алдым ақырын, ақырын.
Мені итеріп жіберудің орнына
Жалған күлкіңмен жымиып тағы шақырдың, шақырдың.
Тыныс алған дауысың тағы мені қоздырды,
Қиялыма кіре беріп есік тоздырдың.
Өрмекші секілді мені келіп торлап ал,
Шынайы өмірімнен қиялды оздырдың.
Ойларға батам, батам, батам да,
Ұйқыға кетем атқанда таң да.
Миым ұйқыға емес, ойларға қанбады,
Менсіз алыс суық қыстарда тоңба.
Ойларға батам, батам, батам да,
Ұйқыға кетем атқанда таң да.
Миым ұйқыға емес, ойларға қанбады,
Менсіз алыс суық қыстарда тоңба.
Қоса алмай қолды,
Аша алмай жолды сенімен бірге.
Кетіп барамын жылдармен,
Айлармен, күндермен мен де бірге төменге.
Батып барам, батып барам, батып барам,
Көздерің - ғаламшар, алқасын таласып, көзіме қара.