Qarakesek & Karzhau & Esengeldi
Текст

Білмедің Бағаңды

Qarakesek & Karzhau & Esengeldi

Оцените песню: Голос вверх 9 Голос вниз

100%
0%
Білмедің бағыңды бағаламадың сен өзіңді
Мүмкін емес қиялдарыңмен бірге көз ілдің
Сезімді өзіңдегі алмастырдың алданышпен
Негеееее?
 
Сұрға боядың көңіліңді ашық түске бояу
Дереу бақытты сезіндірген түсіңнен тез оян
Кетіп барасың алаңсыз әлектің жетегінде
Біргеее!
 
Қанша уақыттан бері, көңіліңде күз тартқан ызғарын
Көңілсіз күйде саған өкпелегендей күндеріңде бір батқан қызарып
Арманыңа апаратын жол ұзарып шалдығып жасыңды жасырын тамыздың
Пендеміз сенде менде қабылданбайтын тағдырға өкпелі арызы
 
Саған ғашық айнала шынайы және жалған сезімге толы
Сен көгершін қамады сені талайдың торы, бұл басыңның соры
Соны, ұмытам деп салынып әлекке кінәні тағасың енді кімге
Жеттіме санаңа теңге әдемі гүлдер
жетелемейтіні шынайы бақытқа бірге
 
Санаң аш қалт жүрек жалаңаш қалт бас тарт орынсыз қиялдан асқақ
Ақсақ, сезімнен қорлық таппайсың одан асқан көздеріңді тый жастан
Болма қасқа сенің өміріңде бір дастан талай жақтарды қарыстырған
Алыс тұрған шынайылық бақытыңмен жақынырақ сеніде бір күні таныстырат
 
Көздерге шоқсың басылдың тааңба болып
Кешегі гүлдер қала беред екен неге таңда солып
Бұл бақ соры, оңды солды білсең тек соны
Бақыт соңғы аялдама, бағыңды біл,
Лайықты бай аялауға
 
Қолыңды созып көктегі айға алысқа адасып кеттің,
Білмейм қиялдарың көп еді білмейм қай қиялдарыңа жеттің?
Тура бағытыңды көрсетіп едім, көзіңді жаптың,
Көр соқыр, кетіп қалдың лағып, ақырында көзіңнен жастарың тоқтамай ақты.
Таба алмай жұбататын жан, жаураған жүрегіңді жылытатын жан, жоқпа.?Жолың болмай махаббаттан, қайта бастағың келіп бәрін ақпарақтан, тоқта!
Бәрі біткен қаншама уақыт өткен, баяғыдан дым қалмады,
Маған қарама, саған жәрдем ете алмайм, үміттеніп тұрып қалма..

Другие песни от Qarakesek & Karzhau & Esengeldi