Қайда бәрі,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Болмай жатыр дәрі уақыт.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Уақыт үндемеді, мен де дым демедім,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Сен де үндемедің, үндемей қала бердік.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Үнсіздік арада, тілсіздік арада,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Көңілсіздік санада, қалғандай айдалада.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Үн жоқ, тіл жоқ, дым жоқ.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Түн асты, күн жоқ.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Өткен жылдарым жылдам
                                                                    
                                                                                                                                                
                                        
                                        
                                                                                                                                                                
                                                                            Өртеніп жанған, жалған.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Болашағым — арман,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Не күтерін алдан білмейм.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Көрмейм көзім, көз алдымда тұман,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ішімде — күмән, әлі келемін сүрініп.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Әйтеуір бас аман, соған шүкір айтам.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қайда бәрі,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Болмай жатыр дәрі уақыт.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Уақыт үндемеді, мен де дым демедім,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Сен де үндемедің, үндемей қала бердік.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Үнсіздік арада, тілсіздік арада,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Көңілсіздік санада, қалғандай айдалада.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Сағат тілі жүріп болмаса да, уақыт зымырауда,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ескеріп қой осыны, жүрегіңе сыбырлада.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Соқпаймын қоңыраулар өтірік көңіл аулап,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Мойындайм, сен кеткелі кеткен де өмір аунап.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Түсінбедім, бәрі түсініксіз маған сонда да,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Сендік сезімге бағам менің биік, неге?
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жатсам да күйікпенен, жатса да күйіп денем,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Білмейм, әлі түйіп келем сезімді сүйіп терген.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Білмеймін, расында, айтшы, бізге кім кедергі,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Бәлкім, алдағы келер күн бізге көмек береді.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Сол кезде келермін, әзірше сен де көне біл,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Мен үшін қиналма, жылама, жаным, күле біл.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Үнсіздік арада, тілсіздік арада,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Көңілсіздік санада, қалғандай айдалада.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Үн жоқ, тіл жоқ, дым жоқ.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Түн асты, күн жоқ.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Күн жоқ.
                                                                    
                                                                                                                                                 
                     
            
        