Qarakesek & Daryn
Текст

Дайынмын / Каракесек

Qarakesek & Daryn

Оцените песню: Голос вверх 21 Голос вниз

100%
0%
2020, 26-шы күз,
Үй жақтағыларды жинап жай ғана атап өтем.
Маған көрініп жатыр өмір секілді түс,
Бірақ оянатын сәтімді сендермен қатар күтем.
Кеше күндер өтіп болмайтын секілді еді,
Ересек өмірдің табалдырығы секіртеді.
Ойланамын дегенге ойланатын зат көп,
Келеріне қарағанда өтіп кеткен шақ көп.
Уақыт өтті, бірақ көп нәрселер жүректе бар,
Көз алдымнан кеткен бейнең қазір суретте қалды.
Ештеңе бекер емес, несі бар адамдарға,
Еріккеннен келген жоқ ешкім жарық ғаламға.
Уақыт өтті, бірақ жүрек қимай тұр өткенді,
Жүрек тас болса да, өзіне сыймай бүктелді.
Іштей қапаланып, іштей (қадірін) қадірін түсіндім
Жоғалған өткеннің, жоғалған көктемнің.
(Арайлап) "Арайлап атқан әр таң - тағы бір мүмкіндік" дейді, -
"Бәрін жаңадан бастауға".
Түнекке кеткен көңілді қайта жарыққа тартам,
Жаңа уақыт келсе, дайынмын бәрін тастауға.
 
Дайынмын, дайынмын бәрін тастауға,
Кеше басқан лас жерді баспауға.
Дайынмын, дайынмын шектен аспауға,
Дайынмын сөздерімді растауға.
 
Күндер айларға, айлар жылдарға алмасады,
Білмеймін, уақытым ары қарай жалғаса ма.
Хабарсыз қалып қойған адамның саны көбейді,
Хабарлас анда-санда, сағыныш әзір өлмейді.
Жаныма жақын жандарды әлі алыстатпадым,
Жаныңдай көруші едің ғой, қалай бұл алыстатқаның?
Өмір қайта оралмайды, уақытты қайтара алмайм,
Бүгін сені көрсем, "ертең көрем" деп айта алмайм.
Не ойлайсың, білмейм, ойларың шырмалуда,
Мендік жүректі сезсең, жүрегім тырналуда.
Уақыт салған жараны уақыт емдей алмайды,
Әділетсіз болса да, жанымды жерлей алмайм.
Дәл қазір көзқарасым көбімен дым келіспейді,
Бауырлардың жолы - тек қана күнкөрісте.
Ешкімге өкпелемейм, бәрі "өзім" дейтіндер,
Маған өкпең болса, өтінем, бұл жолы үндеме.
 
Дайынмын, дайынмын бәрін тастауға,
Кеше басқан лас жерді баспауға.
Дайынмын, дайынмын шектен аспауға,
Дайынмын сөздерімді растауға.

Другие песни от Qarakesek & Daryn