Qarakesek & Bakhtiyar
Текст

Өлі

Qarakesek & Bakhtiyar

Оцените песню: Голос вверх 20 Голос вниз

100%
0%
Қайран жылдарым кешегі, көз алдымнан өшеді,
Кезіп әлі жүрмін, кешегі қара көшені.
Бәлкім төмендеймін, бәлкім өсемін,
Қайран уақытыммен бірге, менде көшемін.
 
Өткен шаққа байланған, аяқ қолды шешемін,
Уақыт жоқ үмітін ақтау керек әке- шешенің.
Маған қызық емес уәделерің кешегі,
Маған маңызды емес, ол сені күнде теседі.
 
Ол саған көмектеседі, рухани құлдырама,
Ол саған көрсетеді, алдыңды бұлдыраған.
Маған қарама, мен саған жәрдем ете алмаймын,
Жүрмейтін шығарсың өткенді санаңнан кетіре алмай.
 
Жо жоқ, жоқ бұлай қалдырма,
Ренжіме маңдайға таңба болған тағдырға.
 
Саған арнаған уақыттардың ұшты күлі,
Саған арнаған жүрегім бүгін өлі, өлі.....
 
Өткен жылдарым суға тас болып батады,
Міне уақытта келді жаңа демімді ашатын.
Өртеніп барады жаным, неше түрлі ойлар,
Неше түрлі ойлар, мен өртеніп барам
 
Менің жанып кеткен үміттерім артта қалды,
Менің жанып ұшқан махаббатым мәңгі сақталды.
Ұшып кетсем ғой алысқа бұл суық ойлардан,
Тағдыр жазған маңдайға бір ауыр сынақтан.
 
Өмір ақ-қара түстен құралған,
Сол бір сөзбен, бір мәнермен жазылған.
Ойлай, ойлай жандырды менің жүрегімді.
 
Саған арнаған уақыттардың ұшты күлі
Саған арнаған жүрегім бүгін өлі

Другие песни от Qarakesek & Bakhtiyar