Понти Жорабеков
Текст

Сүйем сені [Өткен өмірімнен]

Понти Жорабеков

Оцените песню: Голос вверх 10 Голос вниз 1

91%
9%
Жаулап алдың, жанымды жараладың
Сені іздеумен бақтарды араладым
Жолықтырдым сыңарлы бір аруды
Сүйе тұра, жаныңа баралмадым
Тыныштық бер, өтінем жүрегіме,
Мендей саған біреу бақ тіледі ме?
Сүйгенді сүйе білу қиын бе екен?
Құлақ салшы жарқыным тілегіме
 
Сүйем сені басқаны таңдамашы,
Жүрегімді өтінем алдамашы.
Сүйем сені, оралар деп жүз қарадым,
Мен сені өзгелерден қызғанамын.
Сүйем сені, сүюге жаралғанмын,
Қаншама рет жанымды жараладың?!
Маған бақ боп бұйырмасын біле тұра,
Басқа жанға кеткеніңді қаламадым!
 
Ғашық болдым,алғашқы рет суйiп едім,
Басқаменен кеткенiне куйiнемін.
Пәк жүректi корламашы өтiнемін,
Сенi булай суйгенiме өкiнемін!
Тусiнбеймiн махаббаттың заңдарын,
Баска жанға журегiндi арнадын.
Өкiнiш пен мұң сыйладын аяулым,
Сезiмiмдi сен бағалай алмадын!
 
Сүйем сені басқаны таңдамашы,
Жүрегімді өтінем алдамашы.
Сүйем сені, оралар деп жүз қарадым,
Мен сені өзгелерден қызғанамын.
Сүйем сені, сүюге жаралғанмын,
Қаншама рет жанымды жараладың?!
Маған бақ боп бұйырмасын біле тұра,
Басқа жанға кеткеніңді қаламадым!
 
Сүйем сені басқаны таңдамашы,
Жүрегімді өтінем алдамашы.
Сүйем сені, оралар деп жүз қарадым,
Мен сені өзгелерден қызғанамын.
Сүйем сені, сүюге жаралғанмын,
Қаншама рет жанымды жараладың?!
Маған бақ боп бұйырмасын біле тұра,
Басқа жанға кеткеніңді қаламадым!