Бұрылып кеткеніңде махаббаттан,
Күтпедім кетеріңді іште жатқан
Жүзіңе әз ән салып ашу жасты,
Бұлттардың жасыменен араласқан
Түспей ме көзім енді көздеріңе
Өмірім өзің деген сөздеріңе
Сүйемін деп алдап жаным сүймегенге
Өзіңсіз қалай жүрем көңілденіп
Себеле ақ жаңбыр тоқтама,
Сезімнің жалынын жоқтама,
Себеле ақ жаңбыр тоқтамашы.
Жауа бер ақ жаңбыр тоқтама,
Сүйгенім кетті деп жоқтама,
Жауа бер ақ жаңбыр тоқатамашы.
Зарланып өкпелеймін үніменен
Қиналып айға қарап түніменен
Төбеде ай көреді жаным сені
Ұмыта аласың ба айтшы мені
Сезімің шашылды топ, жыя алмадым
Түңіліп мен өзіңді қия алмадым,
Күн өтіп менде бір күн ұмытармын
Ұмыта аласың ба айтшы мені
Себеле ақ жаңбыр тоқтама,
Сезімнің жалынын жоқтама,
Себеле ақ жаңбыр тоқтамашы.
Жауа бер ақ жаңбыр тоқтама,
Сүйгенім кетті деп жоқтама,
Жауа бер ақ жаңбыр тоқатамашы.