Понти Жорабеков
Текст

Өмір бақпен қайғы қарбаласқан

Понти Жорабеков

Оцените песню: Голос вверх 15 Голос вниз 1

94%
6%
Өмір-өмір бақ пен қайғы қарбаласқан,
Қуаныш пен өкініштер араласқан.
Адассаң да, құласаң да, сүрінсең де,
Өкінбе сен қиындыққа қарамастан
 
Уақыт өтіп бара жатыр өзендей болып ағылып,
Жүрмін менде амалым жоқ сұм тағдырға бағынып.
Балалығым қайда кетті? Уақыт ұрлап кетті ме?
Қалдым менде зулап өткен күндерімді сағынып.
 
Бағалай біл өміріңді тек бағала, бағала,
Азабына, арманына көнбесіңе бола ма.
Күресумен өтсеңдағы өкінішті өмірден,
Түңілме сен, жеңілме сен бақытыңды бағала.
 
Өмір-өмір бірде шаттық жұбатады,
Кейде сені өкіндіріп жылатады.
Күресе біл еш мойыма сынақтарға,
Бұл тағдырда қинағанды ұнатады.
 
Уақыт өтіп бара жатыр өзендей болып ағылып,
Жүрмін менде амалым жоқ сұм тағдырға бағынып.
Балалығым қайда кетті? Уақыт ұрлап кетті ме?
Қалдым менде зулап өткен күндерімді сағынып.