Понти Жорабеков
Текст

Махаббатым

Понти Жорабеков

Оцените песню: Голос вверх Голос вниз

Неге сені қызғанамын өзімнен
Бақытымды көрдім сенің көзіңнен
Сағындым ғой жырақ кетсең алыста
Сағынғаның алыстанда сезілген
Жаныңдамын жалындадым жарығым
Айта берем сүйе берем деп тағы мың
Өзімді де саған биік етейін
Жүрегімнің тағдыр қосқан бағымын
 
Мен өзіңді аялаймын сүйемін
Тек өзіңнің сезіміңе енемін
Тағдырымның әндерімнің қалауы
Сен биіксің махаббатым киелім
 
Сенімдімін сезіміңе арайлым
Қуанышпен көздеріңе қараймын
Екі дүниеде өмірімде нұрланып
Шын сезіммен бір болуды қалаймын
Ғасырларым елестемес өзіңсіз
Күнде болмасын бізде көңілсіз
Махаббатым шапағатым бақытым
Сенсіз маған мына өмір орынсыз
 
Мен өзіңді аялаймын сүйемін
Тек өзіңнің сезіміңе енемін
Тағдырымның әндерімнің қалауы
Сен биіксің махаббатым киелім