Понти Жорабеков
Текст

Қазақ елі

Понти Жорабеков

Оцените песню: Голос вверх 1 Голос вниз

100%
0%
Еңселі елім менің, қазағым,
Өзіңе жыр жолдарын жазамын.
Қонағын Құдайындай сыйлайтын,
Той думан тарқамасын базарың.
Желбіреп тұрар күнде байрағың,
Ұрыс құт бұзылмасын қаймағың,
Қаншама аңсап күткен бұл күнді,
Қуанышпен бүгін тойлаған.
 
Қайырмасы:
Қазақ елі, Қазақ елі жалғайтын Еуропа мен Азияны.
Қазақ елі, Қазақ елі даласы неткен көркем, жазиралы.
Тасыған өзен мен көлдері, тағдырлы сан кезеңдері,
Қазақ елі, Қазақ елі, мәңгілік жасай бер Қазақ елі!
 
Көңілім ерекше бір күйгенде,
Басымнан нелер өткен күйбеңді.
Қазақтың көкте тұрған байрағын
Аңсаймын әрбір қазақ сүреңді.
Желбіреп тұрар күнде байрағың,
Ұрыс құт бұзылмасын қаймағың,
Қаншама аңсап күткен бұл күнді,
Қуанышпен бүгін тойлаған.
 
Қайырмасы:
Қазақ елі, Қазақ елі жалғайтын Еуропа мен Азияны.
Қазақ елі, Қазақ елі даласы неткен көркем, жазиралы.
Тасыған өзен мен көлдері, тағдырлы сан кезеңдері,
Қазақ елі, Қазақ елі, мәңгілік жасай бер Қазақ елі! -