Понти Жорабеков
Текст

Анашым-ау

Понти Жорабеков

Оцените песню: Голос вверх 2 Голос вниз

100%
0%
Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
 
Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар —
Анасыздар
 
Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар, ана, анашым-ау.
Анашым-ау
Анашым-ау
 
Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.
 
Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар —
Анасыздар
 
Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар, ана, анашым-ау.
Анашым-ау
Анашым-ау
 
Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, жаным менің ана, анашым-ау
Анашым-ау
Анашым-ау