Патшахан Нұрмұхаммед Бауыржанұлы
Текст

Бірлігі бекем бауырлар

Патшахан Нұрмұхаммед Бауыржанұлы

Оцените песню: Голос вверх 1 Голос вниз

100%
0%
 
Бір бірінен табылатын
Сыйластыққа бағынатын
Сәл көрмесем сағынатын бауырларым-ай
Қос көңілді көтеретін
Биік шыңға жетелейтін
Болмасаңдар нетер едім бауырларым-ай!
 
Қайырмасы
Бауыр деген ағалар
Бал бақытты бағалар
Бір бүтінбіз ажырамас мәңгілік
Бауыр деген әпкелер
Аяқ басса бақ келер
Ақ сезіммен ақ жүректі жандырып
 
Тағдырыма алаңдайтын
Жамандыққа қарамайтын
Ешбір жерден табалмайтын бауырларым-ай
Күнмен түнде сырласатын
Арман жолға бірге асатын
Кең құшағын күнге ашатын бауырларым-ай
 
Қайырмасы
Бауыр деген ағалар
Бал бақытты бағалар
Бір бүтінбіз ажырамас мәңгілік
Бауыр деген әпкелер
Аяқ басса бақ келер
Ақ сезіммен ақ жүректі жандырып
 

Другие песни от Патшахан Нұрмұхаммед Бауыржанұлы