Жүрегімнің жалынысың,
Басылмайды сағынышым.
Жұлдыздарға көз салдым жаным.
Арманның ақ таңы үшін.
Махаббатқа табынамын,
Бал сезімге бағынамын ,
Сен қасымда жүрсең де күнім.
Мен бәрібір сағынамын!
Қайырмасы:
Әппақ таңымдай, Асыл жарым-ай!
Ғашық жандармыз - Қозы мен Баяндай
Арман тілекпіз ,егіз жүрекпіз .
Мәңгі біргеміз Төлеген,Жібекпіз
Сағынышпен қауышамын .
Сенсіз төзім тауысамын.
Өзіңменен асығып жаным,
Түсімде де табысамын.
Қайырмасы
Махаббатқа табынамын,
Бал сезімге бағынамын.
Сен қасымда жүрсең де күнім ,
Мен бәрібір сағынамын!!!
Қайырмасы -