Орда тобы
Текст

Кеш мені

Орда тобы

Оцените песню: Голос вверх 134 Голос вниз 6

96%
4%
1. Көз ілмей шықтым түні бойы, атты таң да
Мазалап бір ой кетпей қойды естен әлі
Жайдарлы шыққан күндер бірге жүрген едік
Болды ма айтшы, жаным, босқа соның бәрі?
 
Қ-сы:
Кеш мені, кеш енді,
Бар ма амал, менде енді?
Оралмас, бір болмас
Екі жас бірге енді.
 
2. Көз алмай тұрдым алдымдағы екі жастан,
Бір-біріне күлімдеп қарап, қол алысқан
Жайдарлы шыққан күндер бірге жүрген едік
Болды ма, бұдан артық менде ақ арман?
 
(Рэппен оқылатын сөздер):
Бағалай білмейміз біз барды
Жігіттер сүйіңдер қыздарды
Әйтпесе әр жанда бар арман
Қыз деген сол үшін жаралған.
Сезімді тұра алар бүгіп кім?
Ең ізгі ерлігі жігіттің -
Жан ұғар жақынның жоқ теңі
Бір қызды бақытты еткені.
Онсыз да бұл заман ызғарлы,
Жігіттер сүйіңдер қыздарды,
Өлуде күнәсіз сан арман
Қыз деген сол үшін арналған. -