Көз алдымнан бейнең кетпейді
Бұл өмірім сенсіз өтпейді
Қылығыңмен әзір еркелеп
Сендей ешкім нұрын төкпейді
Қайырмасы
Сайраған бақта бұлбұлымсың
Таусылмас жырымсың
Бұлақтың мөлдір тұнығысың
Ай неткен сұлусың!
Сөнбейтін жарқыл жұлдызымсың
Сарқылмас сырымсың
Кіршіксіз таза қор қызысың
Ай неткен сұлусың!
Жаңғырады үнің санамда
Артық маған әркез бағаңда
Ынтызар құшақ жаятын
Өзің ғана мынау ғаламның
Қайырмасы
Сайраған бақта бұлбұлымсың
Таусылмас жырымсың
Бұлақтың мөлдір тұнығысың
Ай неткен сұлусың!
Сөнбейтін жарқыл жұлдызымсың
Сарқылмас сырымсың
Кіршіксіз таза қор қызысың
Ай неткен сұлусың!