Өмірқұл Айниязов
Текст

Ұшқан биік қырандар

Өмірқұл Айниязов

Оцените песню: Голос вверх Голос вниз

 
Тауралым-ай, далам-ай
Дарияларым бабам-ай
Менің туған елімнен
Менің туған жерімнен
Шыққан ақын ұлы Абай
 
Төле бидей төре жер
Әйтекедей көне жер
Қазыбектей елімнен
Менің туған жерімнен
Үш би шыққан ұлы жер
 
Әрбір жүйрік сүйсінер
Түйе боздап
Менің туған елімнен
Менің туған жерімнен
Шыққан ұлы күйшілер
 
Өткен орны тола алмай
Қара керек Қабанбай
Райымбектей елімнен
Менің туған жерімнен
Шыққан батыр Бөгенбай
 
Алатаудан сұрандар
Шырқап өскен сынарлар
Менің туған елімнен
Менің туған жерімнен
Ұшқан биік қырандар
 
Танғажайып тамаша
Қазақтың кең даласы-ай
Менің туған елімнен
Менің туған жерімнен
Шыққан батыр Қарасай
 
Жыры дауыл құйындай
Тағдырдың бір сыйындай
Менің туған елімнен
Менің туған жерімнен
Шыққан ақын Сүйінбай
 
 
Алатаудан сұрандар
Шырқап өскен сынарлар
Менің туған елімнен
Менің туған жерімнен
Ұшқан биік қырандар
 
Байқонырым толғашы
Алғаш ғарыш жолбасы
Менің туған елімнен
Менің туған жерімнен
Шыққан тұңғыш елбасы
 
Ғұламалар тілі бар
Жүрегіміз жылынар
Менің туған жерімнен
Менің туған елімнен
Шыққан талай ұлылар
 
Алатаудан сұрандар
Шырқап өскен сынарлар
Менің туған елімнен
Менің туған жерімнен
Ұшқан биік қырандар