Атымды Сұлубай деп, әкем қойған
Руым Жәнтекейде ортаны ойған,
Шiңгiлдiң мөлдiр суындай,
Деп салған әнiн Сұлубай
Жазықсыз жауым менi қойды қамап
Кетпейдi бұл қорлығы сiрә ойдан-ай,
Секпiлтай, Шаңқан, Тұрғын-ай,
Осымен өттi бұл күн-ай.
Дүние өтер кетер, ескен желдей
Жақсының жүрген жерi рулы елдей,
Секпiлтай, Шаңқан, Тұрғын-ай,
Есен бол ел-жұрт, құрбым-ай.
Жаманмен мың күн ойнап, күлсең дағы
Жақсының болмайды екен бiр күнiндей,
Секпiлтай, Шаңқан, көк жасан
Арман жоқ күлiп, ойнасам.
Астымда ал қоңырым желмедiң ғой
Құдайым сұрағанды бермедiң ғой,
Қайқая шапқан қарагер,
Қайрылар ма екен қайран ел?!
Талпынып, қанша қанат қаққанменен
Қысқа жiп күрмеуiме келмедiң ғой,
Бұлғары белбеу, бұраң бел
Бұрылар ма екен бiздiң ел?!
Үйiнде ер туады, түзде өледi
Жаз шықса уақыт бiтiп, күз келедi,
Секпiлтай, Шаңқан, Тұрғын-ай
Есен бол ел-жұрт, құрбым-ай.
Елi үшiн төгедi ер маңдайдан тер
Артынан ердiң елi iзге ередi
Секпiлтай, Шаңқан, көк жасан
Арман жоқ күлiп ойнасам,
Шiңгiлдiң мөлдiр суындай
Деп салған әнiн Сұлубай