Бағалашы серінің-ай
Сізге арнаған ғазалын
Жүрегімнің төрінің-ай
Жайма шуақ жаз әні
Көктем сынды көрігің-ай
Көз тоймайтын ғажабым
Көктей тұнық көңілің-ай
Айдай ашық ажарың
Ой бұран бел сылқым-ай
Сынғырлаған күлкің-ай
Билегенің сылан қағып
Қандай ғажап шіркін-ай
Ой бұран бел сылқым-ай
Сынғырлаған күлкің-ай
Билегенің сылан қағып
Қандай ғажап шіркін-ай
Әсем биге үйлестірген
Әндерімді нақ менің
Өзгеше бір күй кештірген
Сенің осы сәттерің
Қылығыңмен қинап тұрған
Өзің неткен тәтті едің
Тәңір маған сыйлап тұрған
Баға жетпес бақ пе едің
Биле биле бұраң белім
Аққу мойын ақ мандай
Билемесең ұнар ма едің
Көңіл кілті тапқандай
Билейік бір қане бірге
Шаршамай да тоқтамай
Әсемдіктің әлемінде
Жаңа бір таң атқандай
Ой бұран бел сылқым-ай
Сынғырлаған күлкің-ай
Билегенің сылан қағып
Қандай ғажап шіркін-ай
Ой бұран бел сылқым-ай
Сынғырлаған күлкің-ай
Билегенің сылан қағып
Қандай ғажап шіркін-ай
Ой бұран бел сылқым-ай
Сынғырлаған күлкің-ай
Билегенің сылан қағып
Қандай ғажап шіркін-ай
Ой бұран бел сылқым-ай
Сынғырлаған күлкің-ай
Билегенің сылан қағып
Қандай ғажап шіркін-ай