OCHOOOU
Текст

Бомба

OCHOOOU

Оцените песню: Голос вверх 34 Голос вниз 3

92%
8%
Белді бекем байлап тұрыстағы
Жігеріңді қайрап ай-ай-ай
Көкірегің сайрап
Қос жанарың жайнап
Бойда намыс қайнап ай-ай-ай
 
Ал енді тыңда
 
Кетер көңілдің зары
Қайғы - өмірдің заңы
Дайым шаттанып жүрсең
Болмас тірліктің мәні
 
Кермеп қайғының дәмі
Шыда күлесің әлі
Жаса жүрек қалауын
Жақсы болады бәрі
 
Көктем, жаз мейлі, күзде
Күлкі ойнасын жүзде
Сынақ көрсеңде қанша
Мүлде үмітті үзбе
 
Өмір недеген тәтті ең
Әттең дей көрме әттең
Бақыт басталар бәлкім
Осы сүрінген сәттен
 
Тағдыр деген әлегі көп тарам тарам жолда
Жолығасың неше түрлі бақпен бірге сорға
Айтшы қане жасырмашы жүрегіңнің сөзін
Бойыңдағы төзім атты жарылмасын бомба
 
Сынақтармен қиындықтан жеңілуші болма,
Қайта тұрып ұмтыла бер жығылсаңда орға
Үнсіз іштей төземін деп сәтсіздікпен мұңға
Кеудеңдегі төзім атты жарылмасын бомба