Күндерден озып күн алмасқан
Жылдарға келіп жыл жалғасқан
Өмір сырын жүрміз әлі ұғалмастан
Қанша жыл мені еркелетті
Қанша жыл мені өкпелетті
Арман қуып қанша уақыт текке кетті
Сұрақсың-ау бізге сынақсың-ау
Өмір-ай
Өмір-ай сағымдай
Өткінші бір жалындай
Сендегі сұрақтың
Жауабы жүр табылмай
Өмір-ай сағымдай
Сен қамшының сабындай
Зуылдап өтерсің
Еркімізге бағынбай өмір-ай
Ғашық боламыз жек көреміз
Кешіріп кейде кектенеміз
Жазылған тағдырдың бәрін өткереміз
Шын жұмбақсың бізге тым қымбатсың
Өмір-ай
Өмір-ай сағымдай
Өткінші бір жалындай
Сендегі сұрақтың
Жауабы жүр табылмай
Өмір-ай сағымдай
Сен қамшының сабындай
Зуылдап өтерсің
Еркімізге бағынбай өмір-ай