Бұл ғаламда сені таңдадым
Бағым сені таңдап алғаным
Орындалар барлық армандарым
Бұл ғаламда мендік жүрегің
Сол жүректі сақтап жүремін
Тоқтағанша , тоқтағанша
 
Бақытты күндеріңді мен сыйлайыншы
Бақытты түндеріңді мен сыйлайыншы
Жұлдызым сен жауған,жанған, арман
Жарқырайсың таңнан алдан жалған
 
Бұл ғаламда сенсің сыңарым
Бақыт үшін төздім шыдадым
Мен биікке өзіңмен шығармын
Бұл ғаламда мендік жанарың
Жанарыңды сақтап қаламын
Жыламайсың оу жыламайсың
 
Бақытты күндеріңді мен сыйлайыншы
Бақытты түндеріңді мен сыйлайыншы
Жұлдызым сен жауған,жанған, арман
Жарқырайсың таңнан алдан жалған