Өзгеріп өмір жолдары
Бақытты білмей қолдағы
Жылуды іздеп өзгеден
Әттең-ай жанның тоңғаны
Мен аңсаған арман қол жетпес Айда
Жаныма тыным берші оралмай ойға
Сезімді мендегі сезінгің келмеді
Сырласып жүргенің қайда
Сүймесең сүйме сен мейлі
Басқаға жүрек көнбейді
Түсінем сені қайтейін
Жүрекке әмір жүрмейді
Мен аңсаған махаббат қол жетпес Айда
Жаныма тыным берші оралмай ойға
Сезімді мендегі сезінгің келмеді
Сырласып жүргенің қайда