Ұқсамайды сенің айдай сұлу жүзің ешкімге
Асығамын әр уақытта дауысыңды естуге
Сендей жанға ғашық болған мына менде арман жоқ
Сеніменен бақытты өмір кешемін деймін бес күнде
Қостым сені жүрегімнің таусылмайтын әніне
Өзің үшін дайынмын мен бұл өмірде бәріне
Егер сенің жүрегіңді алалмасам жаулап мен
Жігіт болып махаббатпен күресудің мәніне
Қайырмасы
Қанша қыз жолықсада сендей болмас
Ал сені ұнатқан өзгелер мендей болмас
Жаралған жансың бұл өмірде тек мен үшін
Сені менен басқа ешкім шын сүйе алмас
Ешкім болмас мендей сені сүйетін
Бұл бақыттан мені сенен бөлетін
Өмірімнің қызығыда мәніне сен сәні де
Бірге жүріп біз бақытты күн кешеміз әліде
Сенің балдай қылығыңмен көңілімді тербетіп
Сенің сұлу жүздеріңді сүйіп өтем мәңгіге
Қайырмасы
Қанша қыз жолықсада сендей болмас
Ал сені ұнатқан өзгелер мендей болмас
Жаралған жансың бұл өмірде тек мен үшін
Сені менен басқа ешкім шын сүйе алмас
Ешкім болмас мендей сені сүйетін
Бұл бақыттан мені сенен бөлетін