Сен маған ақ сапар жол тілеп
Қиылдың жанарың мөлдіреп
Айтылмай сөз қалды
Пойызым қозғалды
Ішқына айқайлап соңғы рет
Әбіржіп барамын
Тамылжып қарадың
Қызғалдақ жаулығың
Желбіреп
Көбелек көңілдің құмарын
Қандырған гүлімсің сыңарым
Қымбатты жәрмеңкем
Кім татты жар мен тең
Бір ғана өзіңсің сұрарым
Жете алмай қасыңа
Жүрегім аптыға
Мен жігіт басыммен
Жыладым
Бейнеңді хатқа сап жібергін
Айналып толғанып жүрермін
Құр қағаз болса да
Құдыретің соншама
Емі ғой егілген жігердің
Ақ жұмыр шабағым
Ашылып қабағым
Суретпен ойнармын күлермін
Жете алмай қасыңа
Жүрегім аптыға
Мен жігіт басыммен
Жыладым