Нұртас Айдарбеков
Текст

Тағы да қар жауып тұр

Нұртас Айдарбеков

Оцените песню: Голос вверх 4 Голос вниз 2

67%
33%
Тағы да қар жауып тұр
Тағы да қар жауып тұр
Мен тұрмын ғажапқа таң қалып бұл
Сағынды жүрек оны
Мына қар біле ме оны
Көктен қалқып қылаулап жерге сандалып құр
 
Шашылады ақ қар баса алады
Ағартып бар жер жүзін
Жасытады ақ қар жасырады
Өткен күннің енді ізін
 
Жауған ақ қарға үзбей
Жауған ақ қарға үзбей
Жолыққан күтіп бір бірін іздей
Ақ қардай ақ сезіммен
Кіршіксіз пәк сезіммен
Қос ғашық қол ұстасып із салады біздей
 
Шашылады ақ қар баса алады
Ағартып бар жер жүзін
Жасытады ақ қар жасырады
Өткен күннің енді ізін
 
Үмітімді үзбедім
Үмітімді үзбедім
Тұрсада ойымда күдік жүз менің
Алдамайды шын арман
Сенімен бір күн маған
Қар үстіне сен салған
Жетеді іздерің
 
Ақ қар шашылады ақ қар баса алады
Ағартып бар жер жүзін
Жасытады ақ қар жасырады
Өткен күннің енді ізін