Айнымастан алаулаған сен гүлден
Ғашық бола салмас едім мен бірден
Бақыт іздеп шаршамасың деп сені
Әдемі қыз жүрегіне келдім мен
Қайырмасы:
Бар бақытты болады бірге көруге
Бәрін айтып сен жайлы үлгеремін бе
Гүлдей жайнап жүрсің деп қасымда менің
Жүрегіңе келдім мен гүлдер егуге
Қайтейін мен өзгелердің гүл бағын
Айтқызбай-ақ өзің енді біл бәрін
Тек өзіңмен кешсем деймін жаным-ау
Өмірімнің ең әдемі жылдарын
Қайырмасы:
Бар бақытты болады бірге көруге
Бәрін айтып сен жайлы үлгеремін бе
Гүлдей жайнап жүрсің деп қасымда менің
Жүрегіңе келдім мен гүлдер егуге