Нұрмұхаммед Жақып & Сымбат Абайқызы
Текст

Ұстаздар

Нұрмұхаммед Жақып & Сымбат Абайқызы

Оцените песню: Голос вверх 1480 Голос вниз 70

95%
5%
Алғаш әріп танытқан
Ұстаз деген жарық таң
Бойға білім дарытқан нұр боп
Еңбегі бар ақталған
Бала қиял тәтті арман
Ұстазыма сақталған сыр көп
 
Бас иемін мәңгі
Ұстаз лайық құрметке
Қабылда бұл әнді шәкіртіңнің
Алғысы деп айтқан жүректен!
 
Есімде гүл ұсынған көкке қиял ұшырған
Құпиямды жасырған кездер
Ақ тілегім ақ кемем
Талай жанға бақ берген
Өмір жолын сап берген сіздер
 
Бас иемін мәңгі
Ұстаз лайық құрметке
Қабылда бұл әнді шәкіртіңнің
Алғысы деп айтқан жүректен!
 
Еңбегің сенің ұстазым менің
Жеткізген асқақ арманға
Мейріммен берген білімің
Сыйлаған жарн жүрек жылуын
 
Бас иемін мәңгі
Ұстаз лайық құрметке
Қабылда бұл әнді шәкіртіңнің
Алғысы деп айтқан жүректен!

Другие песни от Нұрмұхаммед Жақып & Сымбат Абайқызы