Әр бақтың өз бұлбұлы бар,
Әр түннің өз жұлдызы бар.
Әркімнің өз сүйгені бар,
Сенен басқа кімім бар?!
Қолымда қызыл гүлім бар,
Жүректе аздап мұңым бар.
Өртеніп өтер түрім бар,
Сенен басқа кімім бар?!
Жақындап кетсем жандым күйдім,
Өзіңді жаным мәңгі сүйдім,
Мына жер бетіне қалай сыйдым мен
Армандайды жүрек сені іздейді
Aрамызда болсын теңіз мейлі
Oт болып шоқ болып сені сүйдім мен
Oт болып шоқ болып сені сүйдім мен
Сен маған ұнадың,
Тасыттың да бақытымның бұлағын.
Сен маған ұнадың,
Жүрегім көргендей сыңарын
Жапырақтай боп жүрек
Ұмыта алмай жас күнін
Ұмыта алмай аңсайды
Сүйгенінің назды үнін
Ақылыңды ала ала
Сені қолдан ұшырдым
Қайран көңіл қала қала
Қол жетпесін түсіндім
Жақындап кетсем жандым күйдім,
Өзіңді жаным мәңгі сүйдім,
Мына жер бетіне қалай сыйдым мен
Армандайды жүрек сені іздейді
Aрамызда болсын теңіз мейлі
Oт болып шоқ болып сені сүйдім мен
Oт болып шоқ болып сені сүйдім мен
Жақындап кетсем жандым күйдім,
Өзіңді жаным мәңгі сүйдім,
Мына жер бетіне қалай сыйдым мен
Армандайды жүрек сені іздейді
Aрамызда болсын теңіз мейлі
Oт болып шоқ болып сені сүйдім мен
Oт болып шоқ болып сені сүйдім мен