Нұрман Арыстан
Текст

Айжамал

Нұрман Арыстан

Оцените песню: Голос вверх 5 Голос вниз

100%
0%
 
Мың сұлудың арасынан бөлініп
Тал мүсінің таң қалдырар көрініп
Қарағанды қызықтырмай қоймайды
Жібек шашың иығыңа төгіліп
 
Қайырмасы
Айжамал өзіңді көргенде тіл байланар
Айжамал дәл сендей сұлу тағы қайда бар
Айжамал күн барма қалауыңа айналар
Айжамал жаныңда барлық әлем жай қалар
 
Мың сұлудың арасынан бөлініп
Айдай жүзің алтын нұрға көміліп
Қырғыз қазақ ән қылып жүр атыңды
Сағыныштан қабырғасы сөгіліп
Мың сұлудың арасынан бөлініп
Түнгі ұйқымды тартып алдың көрініп
Бар шынымды саған ғана айтайын
Жан сырымды тамшығымды көр ұғып
 
Қайырмасы
Айжамал өзіңді көргенде тіл байланар
Айжамал дәл сендей сұлу тағы қайда бар
Айжамал күн барма қалауыңа айналар
Айжамал жаныңда барлық әлем жай қалар