Нұрлан Әлімжан
Текст

Өткенді салма еске

Нұрлан Әлімжан

Оцените песню: Голос вверх 6 Голос вниз

100%
0%
Өткенді салып есіме
Сөйледің неге шешіле
Арман боп аққан бұлақтар
Қалмап па еді-ау, кесіліп
Алтыным маған ренжіме
Өткенді салып есіме
Сөйледің неге шешіле
 
Қайырмасы:
Гүл шайқалып төсіңе
Қарадың неге тесіле
Тұтанып қайта кетермін
Өткенді салма есіме
 
Өткенді салып есіме
Мәз болдың қалқам несіне
Түсінік саған тұтқыннан
Кешігіп келді кешігіп
Алтыным маған ренжіме
Өткенді салып есіме
Мәз болдың қалқам несіне
 
Қайырмасы:
Гүл шайқалып төсіңе
Қарадың неге тесіле
Тұтанып қайта кетермін
Өткенді салма есіме